Қазақстан халқы Ассамблеясының алғаш рет Әлеуметтік жауапкершілік форумын өткізеді

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - 8 қараша күні Астана қаласында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен бірінші рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлеуметтік жауапкершілік форумы өтеді.

Форум Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХVI-ші және ХVII-ші сессияларында берілген Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту мен жаңғырту процесіндегі Ассамблеяның рөлін күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында өткізіледі.

Форум аясында Ассамблеяның индустриялық-инновациялық даму, әлеуметтік жауапкершілік, сондай-ақ халық қолөнер шеберлігін дамыту жобалары бойынша көрмесі (Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қолөнершілер мен шеберлердің бірегей жұмыстарының жаппай сатылымы ұйымдастырылады) өтеді.

Шара елордадағы «Думан» бизнес-орталығында өтеді.