хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов бастаған ассамблея делегациясы сәрсенбі күні Мәскеуде РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы мемлекетаралық қатынастардың даму динамикасы туралы пікірлер алмасылды. Тараптар мемлекеттердің сыртқы саясаттарының бірқатар негізгі бағыттары бойынша соңғы жылдары қол жеткізілген өзара іс-қимылдардың деңгейіне жоғары баға берді.
«Қазақстан Ресей үшін посткеңестік кеңістіктегі ең орнықты серіктес болып табылады. Аймақаралық ынтымақтастық бағдарламасы белсенді дамытылуда. Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде өткізіліп отырған форумның аясы кеңейтіліп, аймақаралық мәртебесіне ие болғанына оң көзқараспен қараймыз. Жалпы алғанда, Мемлекеттік Дума Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметпен қарайды, ол өзін Президент ретінде посткеңестік кеңістіктегі елдердің ең данагөй басшыларының бірі ретінде көрсетіп отыр», - деді РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Островский.