Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясының қарсаңында еліміздің өңірлерінен келген делегациялар Мәжіліс депутаттарымен кездеседі

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясының қарсаңында еліміздің өңірлерінен келген делегациялар қазанның 25-і күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесулер өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, қазанның 26-сы күні Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы шақырылып отыр. Ол күні «Ел бірлігі - біздің стратегиялық таңдауымыз» тақырыбы күн тәртібіне шығарылады.

Сессияда ел ынтымағын нығайту, тыныштықты сақтау мәселелеріне қатысты пікірлер ортаға салынады деп күтілуде.