Құжат Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталады. Осыған орай, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық және этносаралық қатынастар саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру ұсынылған.
Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық рөлін күшейтетін, қазақстандықтардың қоғамдық келісімі мен ұлттық бірлігін нығайту үшін жағдайлар жасайтын, «Мәңгілік Ел» біріккен жалпыұлттық патриоттық идеялар негізінде бүкіл қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін өзгерістер енгізілген. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.