«Біз азаматтарды мепмлекеттік бюджетті талқылау мен қалыптастыруға тартуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобасын әзірледік. Бұл құжат «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған», - деді министрдің орынбасары.
Осы орайда ол 2012 жылдан бері шешімдерді қабылдауда азаматтарды тарту тетіктерін құру бойынша мемлекет тиісті шараларды қабылдап жатқандығын айта келе, бұл тұрғыда мемлекеттік бірінші басшылардың блог-тұғырнамалары құрылғандығын, 2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 150-ден астам интернет-конференциялар өткізілгенін, сондай-ақ ашық мәліметтер порталы жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді.
«Тұрақты негізде нормативті-құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізілуде, сондай-ақ онда мемлекеттік қызметтер стандарттары қамтылған. Өткен уақытта мемлекеттік қызметтердің 2 мыңға жуық стандарттары талқылаудан өтті», - деді С. Сәрсенов.