«Қазақстанымыздың өркендеп, қуатты мемлекет болуын, жастарымыздың әркезде де дені сау болып, елін-жерін сүйетін азамат болып өсуін тілеймін. Олар да біздің жасымызға жетіп, біз сияқты елін-жерін, Отанын сүйсін. Сонымен қатар біздің халқымызда бірлік пен ынтымақ, елімізде тыныштық пен бейбіт өмір болсын деген ниетімді жеткізгім келеді», - дейді қарт майдангер.
Айта кетейік, бүгін Ұлы Жеңіс күнінде Астанада Елбасы Нұрұслтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жалпы Қазақстан халқын атаулы мерекемен құттықтады.