«Қазақстан халқына» қорының 818 грантын жеңіп алған түлектердің тізімі шықты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тізімді қордың сайтынан көруге болады.

Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:

- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;

- жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;

- мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.