Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев айтты.
«Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларымен ел халқының шамамен төртен бірі қамтылған. Бұл 4 млн.-нан астам адам, оның ішінде 1,8 млн. зейнеткер, 610 мың мүмкіншілігі шектеулі адам, бала тууына байланысты жәрдемақы алатын 380 мың әйел, 17 жасқа дейінгі бала күтімі үшін жәрдемақы алатын 607 мың адам, атаулы әлеуметтік көмек алатын 97 мың және тұрғын үй атаулы көмегін алатын 122 мың адам бар», - деді ол.
Оның атап өтуінше, толықтай алғанда елімізде мемлекет бюджетінен 75 млрд. теңге түрлі әлеуметтік жәрдемақыларға бөлінеді. Оны қазіргі уақытта 1,3 млн. адам алады.