Қазақстан халқының 65,5 пайызын қазақтар құрайды
«Жыл басындағы деректерге сәйкес, Қазақстан халқының 65,6 пайызын қазақтар, ал орыстар - 21,5, украиндықтар - 4,8, өзбектер - 3, ұйғырлар - 1,4, татарлар - 1,2, немістер - 1,1 пайызды құрайды. Бұл еліміздегі үлес салмағы 1 пайыздан асатын ұлттардың көрсеткіші», - деді ол. Сонымен қатар ол Солтүстік Қазақстан халқының 34,2 пайызын қазақтар, 49,9 пайызын орыстар, 4,5 пайызын украиндықтар, 3,5 пайызын немістер құрайтындығын атап өтті. «Ал Павлодар облысындағы қазақтардың үлес салмағы - 49,8, орыстардікі - 37,2, украиндықтар - 4,8, немістер - 2,8 пайызды, Қостанай облысында қазақтар - 38,8, орыстар - 42,1, украиндықтар - 8,9, немістер - 3,2 пайызды құрайды», - деді Ә.Смайылов. Оның атап өтуінше, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қазақтар саны табиғи өсім мен көші-қон есебінен артып келеді.