«Бүгін біздің елімізде үлкен мереке. Бұл атаулы күн біздің елдегі тұрақтылыққа, ұлтаралық және діниаралық түсіністікке, достыққа негізделіп отыр. Сондықтан осы басымдықтар біздің елдің ең басты байлығы. Осы байлықты біз қолымыздан келгенше молайтып, Қазақстанның келесі ұрпағына сол қалпында сақтап, табыстауымыз керек»,-деп тоқталды О. Мұхамеджанов.
«Бүгінгі мерекемен барша елімізді шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан халқына, әр үйге, әр отбасына осы тұрақтылық пен қарқынды дамуды, туыстық пен достықты тілеймін»,-деп жеткізді құттықтауын депутат.