Оның айтуынша, сәуір айының басында ел халқының саны 16 млн. 967 мың адам болған. «Алайда адам саны туралы ақпарат тиісті органдардан бізге түскеннен кейін бір-бір жарым айдың ішінде оның нақты қорытындысы жарияланады. Демек, мамыр айындағы ақпаратты біз тек шілде айында ғана ұсына аламыз. Бүгінде Қазақстан халқының саны 17 млн. адамға жетті деуге негіз бар. Бірақ нақты мәлімет шілде айында белгілі болмақ», - деп атап көрсетті Ә.Смайылов.
12:43, 15 Мамыр 2013
Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетті деуге болады - Ә.Смайылов
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстан халқының саны 17 млн. адамға жетті деуге болады. Бүгін Астанадағы өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай мәлім етті.