Қазақстан халқының саны 17 млн. 145 мың адамға жетті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 17 млн. 145 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Қалалықтар 55 пайызды немесе (9 436,9 мың), ал ауыл тұрғындары 45 пайызды (7 708,8 мың) құрады. 2013 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 236 адамға немесе 1,4 пайызға өсті», - деді агенттік басшысы.

2013 жылғы қаңтар-қарашада АХАТ органдарында 363,1 мың жаңа туған бала тіркелді. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артық.