Агенттік мәліметтеріне қарағанда, Оңтүстік Қазақстан облысының халқы жыл басынан бері 23,6 мың адамға артып, 2,757 млн. адамға жеткен. Халық саны Алматы облысында - 13,2 мыңға өсіп, 1,998 млн. адамға жеткен. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында - 7,7 мыңға артып, 595,1 мың адамды, Жамбыл облысында 6,5 мыңға артып, 1,091 млн. адамды, Ақтөбе облысында 5,7 мыңға артып, 814,6 мың адамды, Қызылорда облысында - 5,8 мыңға артып, 745,6 мың адамды, Атырау облысында - 5,5 мың адамға артып, 573,4 мың адамды, Қарағанды облысында 2,6 мыңға артып, 1,372 мың адамды құраған.
Сонымен бір мезгілде, Солтүстік Қазастан облысы халқының саны соңғы 5 айда 1,2 мың адамға төмендеп, 574,6 мыңды құраған. Ал Астана халқының саны жыл басынан бері 17,6 мыңға өсті және 831,9 мың адамды құрады. Алматы қаласының тұрғындары 12,5 мыңға артып, 1 млн. 520 мың адамға жеткен.