«Еліміздегі халық саны 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17 млн. 28 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 9 млн. 350,8 мың (54.9 пайыз), ал ауылдағы халық саны 7 млн. 677,8 мың (45,1 пайыз) адамға жетті. Биылғы қаңтар-шілдеде халық саны жалпы 118,8 мың адамға немесе 0,7 пайызға артты. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халық саны 234,7 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті», - деді агенттік басшысы.
Оның айтуынша, қаңтар-шілде аралығында 188 мыңнан астам бала өмірге келді. Бұл өз кезегінде былтырдың осы кезеңіне қарағанда 0,6 пайызға жоғары.
Бұдан бөлек жарты жылда елімізде 70,4 мың адам қайтыс болған.