Оның хабарлауынша, 2018 жылға қарай қазақстандықтардың саны 18 млн. адамға жетсе, 2020 жылда бұл көрсеткіш тағы 500 мыңға өседі. «Бүгінде БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстандағы халықтың саны 2050 жылы 21 млн. адам болады деп болжап отыр. Біздің сарапшылар болса, оның 24 млн.-ға дейін баратыны туралы ашық айтып отыр», - дейді Г.Әбдіхалықова.
16:25, 10 Шілде 2013
Қазақстан халқының саны 18 млн.-ға жетеді - Г.Әбдіхалықова
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - 2018 жылда Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жетеді. Бұл туралы бүгін Астана-Мәскеу-Киев-Кишенев-Ереван арасындағы бейнекөпір кезінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.