«Қазақстан Халық банкі» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2015 жылдың 11 маусымындағы қаулысымен "Қазақстан Халық банкі" АҚ Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 168-6 бабы 4-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланғандай, банк бұл жауапкершілікке валюталық бақылау агентінің клиенттердің операциясы бойынша дұрыс есеп бермеуіне байланысты тартылған.

Сондай-ақ хабараламада банк есепте заңды тұлғаның шет елге халықаралық аударым туралы дұрыс ақпарат бермегені, 47 198,27 АҚШ долларының орнына 41 198,27 АҚШ доллары деп қате көрсеткені айтылған.

Айыппұл сомасы 79 280 теңгені құрады.