Қазақстан халық банкі былтыр 120,3 млрд теңге таза табыс тапты
Бұл Халық банкінің коммерциялық банктердің арасында ең табысты банк екендігін көрсетеді.
Банктің активтері 2014 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 58,6 пайызға өсіп, 4,5 трлн теңгеге дейін жетті. Меншікті капитал 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 11,5 пайызға өсіп, 529,9 трлн теңге болды.
Ал тұтынушылардың қарыздары 2014 жылдың 31 желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда брутто негізінде 28,3 пайызға және брутто негізінде 32,0 пайызға өсті. Клиенттерге берілген брутто заемдардың өсуі - несиелердің барлық сегменттерде ұлғаюына байланысты болды. Яғни, корпоративтік клиенттерге берілетін несиелер 29,8 пайызға, шағын және орта бизнес клиенттерге берілетін несиелер 30,7 пайызға және бөлшек кредиттер 23,3 пайызға өсті.
«Бизнесті қолдау жол картасы 2020» бағдарламалары шеңберінде Қазақстан халық банкі коммерциялық банктер арасындағы көрсеткіш бойынша, жалпы берілген несиелік қарыздар саны жағынан көш басында келеді. Коммерциялық банктер арасында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша аталмыш банк 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 107 жобаны қолға алған», - делінген хабарламада.
Бұл көрсеткіш 1 жыл ішінде 347 жобаға өсіп, банк портфелінің көлемі пайыздық мөлшерлеменің субсидиялау бойынша -147,6 млрд теңгені құрады.
Шығарылған борыштық құнды қағаздар 2014 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 92,1 пайызға өсті. Бұл өсім негізінен Банктің 2015 жылдың бірінші жартысында өз облигацияларын «Бірыңғай Зейнетақы Жинақтау Қоры» АҚ-нда орналастыруы, аз шамада еурооблигациялардың іріленген жаңа АҚШ доллар бағамдарын қайта бағалануы және 2015 жылдың тамыз айындағы теңге құнсыздануының арқасында болды. Облигациялар жалпы сомасы 131,7 млрд теңгемен бірнеше транштармен орналастырылды. Купонның мөлшерлемесі 7,5 пайызды құрады. Ал өтеу мерзімі 2025 жылдың ақпан айы.