«Біз жуырда атауымызды өзгерттік. Ендігі уақытта Қазақстанның Халық партиясы деп аталады. Дегенмен біз өз идеологиямыздан ауытқыған жоқпыз. Біз тек болашақ бағыт-бағдарымызды қайта қарап, өзгерттік. Тағы бір жаңашылдық URANkz республикалық қоғамдық бірлестігімен өзара қызмет етіп жатырмыз», - деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, аталған іс-шарада URANkz республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қызыл автобус» акциясының қызметі сөз болды. «Қызыл автобус» акциясы аясында оның өкілдері СҚО, Атырау және Ақтөбе облысында болғандығын айтты. Онда өкілдер «Еңбек» бағдарламасы аясында СҚО-да салынған тұрғын үйлердің жағдайымен танысқан. Сонымен қатар, сол облыстағы Становое ауылында, Ақтөбе облысының Қарғалы ауылында болып, әлеуметтік мәселелерімен танысқан.