22 желтоқсанда ҚХП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Ирина Смирнова мен Жамбыл Ахметбеков Өскемен қаласындағы Қаржы-экономикалық колледждің ұжымымен және оқушыларымен кездесу өткізді.
Күн тәртібіне жас отбасыларды қолжетімді ипотекамен қолдау мәселесі қойылды.
Бұған қоса, Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан Халық партиясының атынан кандидаттар Жамбыл облысына барды. Онда Тараздағы 2019 жылдың 27 ақпанында жарылыс болған тұрғын үй тұрғындарымен кездесу өтті. Үш пәтер түгелдей қирап, 4 адам қайтыс болды.
Үй тұрғындары әкімдік өкілдерінің пәтерлерді қалпына келтіруді мойнына алғанын жеткізді. Алайда пәтерлерге жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы нашар.
Партия өкілдері сонымен қатар Шымкент 11 көшесіндегі апатты жағдайда тұрған үйде болды. Мұнда зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар тұрады.