Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері қаладағы орта мектептердің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтарымен және оқытушыларымен кездесті. Кездесуде білім беру жүйесіндегі түйткілді мәселелер жан-жақты талқыланды.
ҚХП Алматы қалалық филиалының жетекшісі Әлібек Шапенов еліміздегі білім саласын дамытудың бағыттары туралы өз ойын жеткізді.
Сонымен қатар, 15 желтоқсан Ақмола облысы Степногорск қаласында Қазақстан Халық партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Сыздықов «Целингормаш» зауытында кәсіпорынның ұжымымен кездесу өткізді.
О.Сыздықов өндірістік процесті бақылап, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін, кәсіпорынның техникалық жабдықталуын бағалады. Ұжыммен бейресми жағдайда кездесіп, дидарласты.