Бүгін Қазақстан Конституциясы күні мерекесіне орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Конституция - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров осындай пікір білдірді.
Оның пайымынша, 1995 жылы Ата заңымыз қабылданған кезден бастап елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени әлеуетінің негізі қаланды. Қоғамға адам құқықтары туралы іргелі халықаралық құжаттардан қамтылған құқықтардың бүкіл спектры енді. Республикада тәуелсіздік жылдары мемлекеттілік пен экономика нығайды. Халықтың әл-ауқаты өсті. «Ұлтаралық келісімді сақтау үшін жағдай жасалды. Еліміз халықаралық қауымдастыққа нық кірді. Онда қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде абыройлы орынға ие болды», - деді ол.
Сондай-ақ өз сөзінде Мемлекет басшысының соңғы бағдарламалық мақаласына кеңінен тоқталған А.Шәкіров: «Бүгінде Елбасы қойған «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламалық құжаты елді индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, өзге де ауқымды жобаларды іске асыру адамның құқықтары туралы және көтермелеу мәселелерінде мемлекеттік қызметі күшейтуге жан-жақты ықпал етуге бағытталады», - деді.