Қазақстан халықаралық пошташылар форумын қабылдайды

АЛМАТЫ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласында Дүниежүзілік пошта одағының басшылығымен ТМД елдері пошта қызметтерінің халықаралық форумы өтіп жатыр.

Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігін мерекелеуге байланысты іс-шаралар шеңберінде өтіп жатқан форумның мақсаты қарым-қатынасты күшейту, ТМД елдерінің пошта әкімшіліктері арасында іскерлік ынтымақтастықты ретке келтіру, сапа стандарттарын үндестіру шаралары кешенін дайындау.

"Биыл өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атпа өткелі отырған Қазақстан сияқты Байланыс саласындағы аймақтық достастық (БАД) ұйымына да 20 жыл толып отыр. БАД-тың ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқандығы - бұл ұйымның тиімді әрі қажет екендігін көрсетіп отыр. Біз осы ұйым мүшесі екендігімізді мақтан тұтамыз", -дейді БАД пошта байланысы операторлар кеңесінің төрағасы, "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Салауат Шериазданов.

Сонымен қатар ол 21-23 маусымда Санкт-Петербор қаласында өтетін "Пошталық үштік-2011" көрмесіне Қазақстан да қатысуға тырысатындығын жеткізді.

Шара барысында пошта саласындағы жаңа технологияларды пайдалану, байланыс саласындағы аймақтық достастық шеңберінде жедел пошта жүйесін құру тұжырымдамасын әзірлеу, пошта маркаларының бірлескен шығарылымын басып шығару мәселелері талқыланды.

Қазақстан пошта әкімшілігі халықаралық ынтымақтастықта бай тәжірибеге ие. Соңғы 20 жыл ішінде Қазпочта қызметінің сапасы пошта желісінің тімділігін көтеру, пошталық қаржы қызметін нығайту болып табылатын ұйымдардың, байланыс саласындағы аймақтық достастықтың құрамына енеді. 1999 жылы Қазпочта EMS - жедел пошта кооперативіне қабылданды, ал 2010 жылы көрсетілетін қызметтер сапасының көрсеткіштері бойынша "Алтын деңгей" сертификатын алған. "Алтын деңгей" жоғарғы мәртебесіне әлемнің 203 елінен 13 мемлекет ие, Оңтүстік Корея, Швейцария, Жапония, Португалия, Ирландия, Австралия, Ұлыбритания сияқты елдер қатарында Қазақстан 11-ші орында екен.

Халықаралық форумға дүниежүзілік пошта одағының, БАД, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің, байланыс әкімшілігі және ТМД елдері пошта байланысының ұлттық операторлары, "Қазпочта" АҚ басшылығы қатысты.