«Жаңа ғана Түркияның Ыстамбұл қаласында Халықаралық судьялар қауымдастығының жиынында дауыс беру аяқталды. Сіздерге белгілі, Халықаралық судьялар қауымдастығына 4 аймақтық топқа бөлінген 77 елдің ұлттық қауымдастықтары кіреді. Енді міне, Қазақстанның судьялар одағы Халықаралық судьялар қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды, біз бұл биікке көп жылдар бойы талпындық және жеттік», - деді Б. Бекназаров.
«Әлем Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасқандығын мойындады», - деп атап өтті ол.