«Бұл біздің үшінші жыл сайынғы форум, мұның өзі жалпы қолдаудың арқасында тиімді диалог алаңына айналды. Бұл алаңда пенитенциарлық саланың неғұрлым өткір проблемалары талқыланып қана қоймай, өз шешімін де тауып жатады. Бұған мұның алдында «түрме халқын» азайтуға және сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелеріне арналып өткізілген форумдар дәлел бола алады», - деп атап өтті Бас прокурор. Оның айтуынша, 2013 жылы «Түрме орнына - пробация және электронды білезіктер» тақырыбымен өткен Бірінші форумның аясында біздің «Түрме халқын» азайту жөніндегі 10 шара» жобасын ұсынылған болатын. Ондағы жоспар бойынша Қазақстан 4 жылдың ішінде түрме индексі бойынша 50 елдің қатарынан алып шығу туралы батыл міндеттеме алған еді. «Бұл міндетті біз мерзімінен бұрын орындап шықтық. Тарихқа көз жүгіртейік. 1995 жылы Қазақстан түрме халқының индексі бойынша АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында тұрды. 2012 жылы біздің ел 33-ші орынға шықты. Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық түрме рейтингінің көрсеткіші бойынша 57-ші орында. Осылайша біз көрсеткіштері халықаралық сарапшылар тарапынан ешқашан сын тудырмаған Латвия, Эстония және Сингапур сияқты мемлекеттердің қатарына көтерілдік», - деді А.Дауылбаев. Еске сала кетейік, форумды Парламент Мәжілісінің Сот-құқықтық реформа және заңнама комитеті, Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Кеңсесі және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырылып отырған бұл форум бұдан бұрын өткен жиындар сияқты Мемлекет басшысының пенитенциарлық жүйені реформалау аясындағы тапсырмаларын іске асыруға арналған және бұрын сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
13:04, 11 Желтоқсан 2015
Қазақстан халықаралық түрме рейтингінің көрсеткіші бойынша 57-ші орында - А.Дауылбаев (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық түрме рейтингінің көрсеткіші бойынша 57-ші орынға шығып отыр. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Түрме реформасына» арналған ІIІ форум барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, «Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Sосіeтy needs you!» атты жобаның бастауына арналатын бұл форум бұрын сотталған адамдарды заңға бағынушы азаматтар ретінде қоғамға реинтеграциялауға бағытталған.