«Біз де бүгін фракцияда осы мәселені кеңінен талқыладық. Біздің партия Мәжілісті тарату мен кезектен тыс сайлауды қолдайды. Өз ұстанымды түсіндірейін, біріншіден, әлемде жаһандық бейберекетсіздік төніп тұр. Халықаралық қаржы, экономикалық дағдарыстың құрылымдық сипаты бар. Импералистік әлемдегі сілкіністер жаһандық экономиканың сипатына да, халықаралық қатынастарға да өз әсерін тигізуде», деді депутат.
Оның айтуынша, дағдарыс кезеңінде алаңдамай жұмыс істеу ерекше маңызды.
«Біз халықтың өз таңдауы арқылы партияларға жауапкершілікті тағы да нақтылауын қалаймыз. Біз ұдайы халықтық қаражатты үнемді ұстауға шақырып келеміз. Сондықтан да, Мәжіліс пен мәслихат сайлауларын біріктіріп өткізу дұрыс деп санаймыз. Біз өз бәсекелестерімізбен сайлаушылардың дауысы үшін күреске түсуге әрқашанда дайынбыз!. Сондықтан да, Елбасына жолданған тарихи Үндеуді толық қолдаймыз», деді В. Косарев.