Аралға келген туристік трафик өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,3 пайызға артты. Билік қызығушылықтың артуы визасыз саясатты оңтайландырумен байланыстырады.
Қазір 86 елдің азаматы Хайнаньға визасыз бара алады. Жыл басынан бері бұл артықшылықты 395 мың турист пайдаланды, бұл шетелдік келушілердің жалпы санының 88,8 пайызын құрайды.
Санья қаласы — аймақтың негізгі курорттық орталығы. Хайкоу қалалық порт басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері тек Санья әуе порты арқылы 570 мың шетелдік саяхатшы шекарадан өткен.
Жолаушылар тасымалының өсуіне байланысты шекара және кеден қызметтері, сондай-ақ Хайнань провинциясының басқа да мекемелері кедендік рәсімдеу тиімділігін арттыру шараларын қабылдады.
Бұған дейін Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік саяхаттап келгенін жазғанбыз.