деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың қорытындылары шығарылып, регламентке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайы талқыға салынды. Соның ішінде тапсырыс құжаттарының жаңа талаптарына баса назар аударылды. Тоқтала кететін жайт, жасөспірімдер командалары арасындағы 2010-2011 жылдары чемпионаттың үш туры сегіз жас ерекшелік топтары бойынша өтеді. Сонымен бірге, жиын барысында жасөспірімдер арасындағы алғашқы турдың матчтары өтетін қалалар да айқындалды. Жаңа құрамда шақырылған жаттықтырушылар кеңесінде жалпы барлық құрама командалардың ойындар қорытындысы туралы сөз болды. Сондай-ақ, хоккей клубтарының басшылары Қазақстан Республикасы ерлер арасындағы жоғары лига командаларының ашық чемпионатын өткізу құрылымдары мен регламентін талқылады.