Бұл оқу-жаттығу жиыны 17 сәуірге дейін созылады. Одан кейін қазақстандық хоккейшілер Беларусь астанасы Минск қаласына аттанады. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған.
Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
2 мамыр. Литва - Қазақстан
3 мамыр. Қазақстан - Жапония
5 мамыр. Қазақстан - Польша
7 мамыр. Украина - Қазақстан
8 мамыр. Қазақстан - Франция.
Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.
Қазақстан құрамасы былтыр әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Жеті кездесудің біреуінде басым түссе, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Салдарынан бірінші лигаға түсіп қалды. оған дейін бес жыл қатарынан элиталық дивизионда бық сынауға мүмкіндік алған еді.