«IIHF делегаттары екі өтінімнің бірін таңдауға мәжбүр болды. Оның бірі – Германиядан, екіншісі – Қазақстаннан. Нәтижесінде біреуі ғана жеңіске жетті. Екі елдің сенімді презентациясынан кейін барлық делегат жасырын дауыс берді. Германия жеңімпаз болды!» – делінген хабарламада.
Қазақстанның алғаш рет турнирді қабылдауға мүмкіндігі болды. Алайда немістер қомақты қоры болғандықтан жеңіске жетіп отыр.
Осылайша, 102 дауыс жинаған Германия 2027 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.