Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімін қайтарып алды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімін қайтарып алды. Енді турнирді өткізуге жалғыз үміткер ел – Швейцария, деп хабарлайды ҚазАқпарат Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Тамперде өтіп жатқан Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) конгресі Швейцарияның үміткер ретінде таныстырылымын көрді. Өтінім мақұлданса, турнир матчтары Цюрих пен Фрибург қалаларында өтеді.

Швейцария 2020 жылғы әлем чемпионатын өткіуі тиіс еді, бірақ турнир коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеді.

2023 жылғы чемпионат Финляндия мен Латвияда өтуі әбден мүмкін. 2024 жылы турнирді Чехияның Прага мен Острава қалалары өткізсе, 2025 жылғы ұйымдастырушылар – Швеция мен Дания болмақ.


Соңғы жаңалықтар