НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты топ-дивизионында Қазақстан қай топта ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында өткізіледі.
Аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, және Словения құрамалары.
Ал А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия шеберлік байқасады.
Еске салсақ , биыл Финляндия әлем чемпионы атанса, Канада күміс, Чехияға қола медаль алды.
Айта кетерлігі, Қазақстан биыл топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.