Қазақстан үшін жеңіс овертаймда келді және есеп 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды қорғаушы Кевин Даллмэн салды. Оған көмектескен шабуылшы Найджел Доус болды.
Бұның алдында Киевте Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан (2:5) ұтылды, сонымен қатар Австрияны (3:2) тізе бүктірді.
Осылайша, Эдуард Зенковец бастаған ұлттық құрамамыздың еншісінде бес ұпай бар және топта бірінші орында тұрған оңтүстік кореялықтардан 1 ұпайға қалып келеді.