Қазақстан құрамасының ойыншылары: Колесник - Семёнов-Даллмэн, Боченски-Старченко-Кучин; Савченко-Трясунов, Худяков-Шин-Рымарев; Липин-Лакиза, Белгібаев-Пушкарёв-Иванов; Ибрайбеков, Гренц-Михайлис.
Алғашқы екі кезеңде командалар кезек-кезек бір-бірінің қақпасының осал тұсын дәл тапты. Алдымен итальяндық Джулио Сканделло шайба салса, оған қарымта жауапты Максим Худяков берді. Одан кейін Брэндон Боченски қазақстандықтарды алға шығарғанымен, Томмазо Траверса есепті теңестірді. Дегенмен, қорытынды жиырма минуттық ойында Роман Старченко Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Осылайша, Қазақстан өз тобында екінші орында келеді. Ал бұл орнын сақтап қалуы үшін Франция Норвегиядан басым түсуі тиіс. Қалай десек те, Андрей Назаров жаттықтыратын біздің хоккейшілеріміз Олимпиадаға бара алмайды.
Италия - Қазақстан 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)
Шайбалар:
1:0 - 06:47 Сканделло (Бернард, Инсам). Тең құрамда
1:1 - 08:51 Худяков (Рымарев, Шин). басымдықта 1
1:2 - 28:42 Боченски (Шинтең құрамда
2:2 - 38:54 Траверса (Марчетти, Занатта). басымдықта 1
2:3 - 56:12 Старченко (Трясунов). Тең құрамда
Айып: 2:4 (2:0, 0:4, 0:0)
Соққы: 14:21 (6:10, 4:8, 4:3).