НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының ойындарын қазақстандық қай телеарна көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.
Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі .
Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.
Ойындар кестесінің көрсетілімі төмендегіше:
14 мамыр. 15:20. Дания – Қазақстан
15 мамыр. 19:20. Франция – Қазақстан
17 мамыр. 23:20. Швейцария – Қазақстан
19 мамыр. 23:20. Канада – Қазақстан
20 мамыр. 23:20. Казақстан – Словакия
22 мамыр. 19:20. Қазақстан – Германия
23 мамыр. 19:20. Қазақстан - Италия.
Қазақстандық хоккейшілердің бүкіл ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.