Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне инновацияны дамытқаны үшін арнайы жүлделер табыс етілді
оның жұмысына Астана, Алматы, Самара, Пенза, Орынбор, Ақтөбе қалаларынан келген ғалымдар қатысты.
Конференцияға қатысушылар алдында облыс әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Дияс Жәнібеков сөз сөйлеп, Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда ғалымдар үлесі мол болуы керектігін атап көрсетті. Пленарлық отырыста 72 ғылыми жұмыс тыңдалып, инновациялық дамудың өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін ХІV «Архимед-2011» Мәскеу халықаралық өнертапқыштық және инновациялық технологиялар салоны жеңімпазы ретінде екі алтын және бір күміс медаль табыс етілді.