«Медальдің екінші беті болатыны белгілі. Ол қазір біз үшін – инфрақұрылым. Цифрландыру әрі қарай алға басуы үшін, әрине, оған қолжетімділік мәселесін шешу керек. Интернет инфрақұрылым субиндексі бойынша жұмыс істеуді қажет ететін тұстар көп – 65-орындамыз. Яғни, онлайн қызметтер жөнінен 8-орында тұрсақ, интернет бойынша 65-орындамыз», - деді министр.
Сондай-ақ ол Қазақстанның келешегі цифрландырумен тікелей байланысты екенін еске салды.
«Менің ойымда интернетке қолжетімділік қазақстандықтар үшін мүмкіндік арнасына айналуы керек. Яғни, кез келген азамат, кез келген адам цифрлық игіліктерге қол жеткізе алатындай болуы қажет», - деді ведомство басшысы.