«Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірақатар бастамаларды іске асыру жоспарланған. Біріншіден, Шетелдік инвесторлар кеңесімен бірлесіп, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу жұмысы аяқталады. Екіншіден, игерудің соңғы сатыларында тұрған мұнай-газ кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізу мәселесі пысықталады», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, үшіншіден, жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде рәсімдерді оңайлату, ашықтықты қамтамасыз ету бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізіледі.
«Бірінші вице-министр М.Жөребековке, вице-министрлер А.Хасенов және А.Мағауовпен бірлесіп, заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеуді және оларды мүдделі тараптармен пысықтауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Болат Ақшолақов.