Қазақстан инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан бір жыл ішінде жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға жоғарылады. Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафонда айтылды.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Еліміз 53-орынға жайғасып, Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Сарапшылар Қазақстаhttps://t.me/onlinemarathon2026/3617нның инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын атап өтеді.

 — Негізгі бағыттар — энергетика, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар. Әлеуметтік инфрақұрылым да дамып келеді. Соңғы алты жылда 1200 мектеп салынып, балабақшалар саны үш жылда 720-ға артып, шамамен 12 мыңға жетті,  — дейді олар.

Фото: Видеодан скрин

Бұдан бұрын импорт алмастыру мен инвестиция Қазақстан экономикасын қалай өзгертіп жатқанын жазған болатынбыз.