«Қазақстан инжиниринг» басқармасының құрамында өзгерістер болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы шешімімен Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Сұлтанбеков Қанат Танатарұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бұл шешіммен басқарма құрамы сайланды: басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шәмілұлы Шақшабеков, басқарушы директор Мәдина Шариязданқызы Мұқышева.

Осылайша, басқарма құрамы бес адамнан құралды:

Басқарма төрағасы - Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысов;

Басқарма төрағасының орынбасары - Вадим Шәмілұлы Шақшақбаев;

Басқарма төрағасының орынбасары -Сая Найманбайқызы Мыңшәріпова;

Басқарушы директор -Кенжебай Сәтжанұлы Сәтжанов;

Басқарушы директор - Мәдина Шариязданқызы Мұқышева.