«Қазақстан инжиниринг» ҒЗИ» ЖШС-ның бас директоры тағайындалды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасының отырысында «Қазақстан инжиниринг» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның директоры қызметіне Әуез Байдабеков тағайындалды. Ол бұған дейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде инженерлік графика және дизайн кафедрасының меңгерушісі болған еді.

Ә.Байдабеков - техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық машина жасау және көлік ғылым академиясының академигі. Қазақ политехникалық институтын, Киев инженерлік құрылыс институтын, Мәскеу авиациялық институтын бітірген. 5 оқулықтың, 10-нан астам оқу-әдістемелік көмекші құралының авторы. 130-дан астам жарияланымы, 4 монографиясы жарық көрген.