«Қазақстан инжиниринг» пен «Ресей тікұшақтары» бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасына қол қояды
«KADEX» халықаралық көрмесі аясында «Ресей тікұшақтары» холдингімен жол картасына қол қойылады, онда алдағы 10 жылда бірлескен іс-қимылды жазамыз», - деді Е.Ыдрысов «ҚР-да тікұшақ техникаларына кешендік сервисті қолдау көрсету бойынша Қазақстан-Ресей халықаралық ынтымақтастығы» форумында.
«Бірлескен өндіріс жасау бойынша әзірше жоспар жоқ, алайда егер Қазақстанға қатысты тапсырыс түсетін болса - біз өзіміздің серіктестеріміз «Ресей тікұшақтары» холдингімен талқылай аламыз», - деді ол.
Өз кезегінде «№405 Авиажөндеу зауыты» АҚ директоры Константин Ушаков аталмыш жол картасы сервистік желіні дамытуды қарастыратынын айтып өтті, деп жазады primeminister.kz.
«(...) Біздің пайдаланушыларымыз барлық қажеттіні барынша қысқа уақытта және сапалы алуы үшін, сондай-ақ жақын маңдағы өңірлерге жеткізу үшін, Орталық Азия өңіріндегі жетекші сервистік орталыққа айналуы үшін», - деді компания басшысы.
Оның айтуынша, зауытта орта есеппен алғанда жыл сайын 12-ге жуық тікұшаққа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бізде Ақтөбе қаласында да сервистік алаң бар және ол жерде біз сервистік қызмет көрсетеміз. Астана қаласында да сервистік алаңды ашуды жоспарлап отырмыз», - деді К.Ушаков.