KASE сайтында тиісті хаттамадан үзінді жарияланды.
«Директорлар кеңесі қабылдаған шешім: «Қазақстан ипотекалық компаниясы ИҰ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Арифханов Айдар Әбдіразақұлы сайлансын», - деп атап өтеді құжатта.
Бұдан бұрын директорлар кеңесі басқармасы төрағасының орынбасарлары Рахымжанов Абылай Теңізбайұлы мен Исамбаев Қанат Әшімұлын сайлау шешімі қабылданғаны хабарланған.
Еске салсақ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламасының операторы болып табылады.