деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, осыған дейін «Ұлттық әл-ауқат қоры қызметі», «ҚР банктер мен банктер қызметі» туралы заңдарға өзгерістер енгізілген болатын. Бұл өзгерістерге сәйкес банктер, ипотекалық ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының ауыл шаруашылық кешені саласына ақылық, жеделдік және қайтарымдық түрмен ақша түрінде несие беруі банктердің зеамдық операцияларына жатқызылған. Осы өзгеріске сәйкес ҚР Қаржы нарығы мен ұйымдарын қадағалау, реттеу агенттігі ұсынысымен «ҚИК» АҚ-ы акционерлерінің жалпы жиналысында ҚИК-на еншілес компаниясын қосу жөнінде шешім қабылданған. Қосылуға сәйкес бұған дейін еншілес кәсіпорын жүзеге асырып келген ипотекалық несиелеуді «ҚИК»АҚ жүргізетін болады. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді несиелендіруді де жалғастырады.
«Құрылымдау жұмыстары аяқталған соң, «ҚИК» АҚ банктік операцияларды жүргізу үшін ҚР ҚҚА лицензиясын алып, 2010 жылдан бастап тікелей ипотекалық несиелеу нарығына шығады. Яғни азаматтарға тікелей ипотекалық займдарды беруді қолға алады», дейді Ф.Тоқобаев. Оның айтуынша, бұған дейін «ҚазИпотека» ипотекалық ұйымы»АҚ берген несиелер «ҚИК» АҚ есбіне аударылады. Бұған дейін ҚИК еншілес компаниясы 1 200 қазақстандыққа 11 пайыздық өсіммен ипотекалық несие берген. «Алдағы уақытта да «ҚИК»АҚ-ның пайыздық өсімі екінші деңгейлі банктерден төмен болады», дейді ҚИК басқарма төрағасының орынбасары.