Қазақстан Иран мен Израильден 290-нан астам азаматын алдырды

Фото: ҚР СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Иран мен Израильде жүрген 290-нан астам азаматын елге қайтарғанын мәлім етті.

Қайтарылған азаматтардың 230 -ы Иран Ислам Респбликасында болған. Ал Изарильден қайтарылғандардың саны – 66. 

– Ираннан 230 Қазақстанды елге алдырдық. Қазіргі таңда бұл елде 50-дей азаматымыз қалып отыр. Оның көбі – дипломатиялық қызмет өкілдері, - деді ол ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында. 

Айбек Смадияровтың айтуынша, Израильде әлі 170-тей азамат жүр. 

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің Қазақстанның сыртқы саудасына қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын