Қазақстан Иранмен тұрақты теміржол байланысын дамытпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Иранмен тұрақты теміржол байланысын іске қосуды қарастыруда. Бұл туралы бүгін елордада өткен Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының (IFSWF) 9-шы отырысында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның президенті Қанат Алпысбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта бізбен сауда-саттық жасайтын Қытайдың 17 өлкесімен тікелей жұмыс істейміз. Ендігі уақытта Қытайдан Еуропаға өндірістік процестер үшін компоненттер тасымалдаумен айналысатын Hewlett-Packard, Foxconn сынды компаниялармен жұмыс істегіміз келеді»,- дед ол.

Сонымен қатар ол Қазақстан Қытайды Иранмен қосатын теміржолға қосымша желі жалғауға ниетті екендігін жеткізді.

«Өткен жылы бізде  Ю портынан Тегеранға дейін жүк жеткізуге бағытталған ілкі жоба болған еді. Тағы бір қызықты әлеует - ол Қытай-Түркия, Қытай-Кавказ дәлізі бойынша жұмыс. Меніңше, Әзербайжан мен Түркиядағы әріптестеріміз сәйкесінше темір жолдардың әлеуетін көтеретін болады», - деді Алпысбаев.

Оның айтуынша, 2010-2016 жылдары Қазақстан темір жолдарды дамытуға 25 млрд доллар инвестиция салды.

«Біз желілерімізді, әсіресе шетелдегілерін ұлғайту процесін іске қостық. Мәселен, Қытайдың порттары арқылы Оңтүстік-Шығыс Азиядан жеткізілетін тауларларды шоғырландыру үшін хаб құрдық. Сонымен қатар Иранмен тұрақты теміржол байланысын іске қосуды қарастырып жатырмыз», -деді ҚТЖ президенті.