«Соңғы 5 жылда бізде көптеген жаңа өнімдер пайда болды, біз Иранмен сауданы күшейткіміз келеді. Дәстүрлі тауарлар ғана емес, сонымен қатар жаңа өнімдер бойынша барыс-келіс көбейгенді қалаймыз. Сонымен қатар Қазақстан Ираннан түрлі тауарларды, соның ішінде көкніс пен жеміс-жидек импорттауға дайын», - деді ол.
«Иранда, сондай-ақ медицина, ауыл шаруашылығы, нанотеxнологиялар саласында танымал теxнологиялар шығарылады. Бізге осы салада да сауданы дамыту қызықтырады», - деп түйді сөзін министр.