Қазақстан IРho қатысушылары үшін жақсы әсер қалдырды - Камбоджалық жас физик

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиада (IРho) қатысушылары үшін жақсы әсер қалдырды. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Камбоджадан аталған олимпиадаға қатысуға келген Дэвид Пич айтты.

«Қазақстан IРho-ны өткізуге үлкен жауапкершілікпен дайындалғанын байқадық. Атап айтқанда, менімен пікір алмасқан барлық қатысушыларға сіздердің елдеріңіз қатты ұнады. Себебі, біз өзіміз үшін көп жаңалықтар ашып, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік алдық. Жалпы Астанаға сапарымда мен қызықты әрі позитивті әсерге бөлендім. Осында көргенімді міндетті түрде еліме оралғанымда кеңінен баяндап беремін. Олимпиаданың жоғары деңгейде өткізілуіне байланысты ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын», - деді Д. Пич.

Жас физиктің Астананың сәулеттік ерекшеліктері қатты ұнағанын атап өтті.

«Әсіресе, қазақстандықтардың жылы шырайы мен қонақжайлылығы есімде қалды. Бұл тұрғыда Қазақстанның ары қарай гүлдене беруіне және дамуына тілектеспін. Елдеріңіздегі бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгі болсын!» - деп атап өтті ол.