Қазақстан Ирландиямен арадағы қосарланған салықты болдырмау конвенциясын ратификациялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.