Қазақстан «Ирма» дауылы аумағында «қауырт желі» ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның АҚШ, Канадағы Елшіліктері, Кубадағы Консульдығы, Доминикан мен Багамдағы құрметті консулдары «Ирма» дауылына байланысты «қауырт желі» ашты. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер минстрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның 4 азаматы Доминикан Республикасындағы Қазақстанның құрметті консулымен байланысқа шығып отыр. Оларға «Ирма» дауылынан төтенше жағдай туындайтын сәтке нұсқаулық берілді. Қазіргі уақытта бұл елдегі қазақстандықтардың саны анықталу үстінде»,-  деп жазды ол.

Айта кетерлігі, қазірдің өзінде Кариб бассейні елдерінде «Ирма» дауылының салдарынан миллионнан астам адам зардап шекті. Тропикалық циклон өңірдегі аралдарды жағалап, АҚШ-тың шығыс жағалауына бет алып барады. Флорида штатында төтенше жағдай режимі жарияланып, бірқатар ауданда адамдарды қауіпсіз жерге көшіру басталған.

«Осыған байланысты АҚШ, Канадағы Елшіліктері, Кубадағы Консульдығы, Доминикан мен Багамдағы құрметті консулдары «қауырт желі» ашты және Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетуге дайын», - деді Ә.Жайнақов.

Табиғи апат аймағында жүрген қазақстандықтар жергілікті биліктің нұсқаулықтарын сақтау қажет және шұғыл көмек қажет болған жағдайда мына нөмірлерге хабарласулары қажет:

Доминикан Республикасында: 1 809 729 79 87 (Доминикан Республикасындағы Қазақстанның құрметіт консулы). Жедел көмек қызметі - 911;

Куба Республикасында: 535 869 23 69, 537 206 99 63 (Кубадағы Қазақстан консулы), Полиция - 106, жедел жәрдем - 104, өрт қызметі - 105;

Багам аралдарында: 44 7770 300505 (Багамдағы Қазақстанның құрметті консулы), Жедел көмек қызметі - 911, 919, немесе 112 (ұялы телефондар үшін);

Канадағы Қазақстан Елшілігінің консульдық бөлімі: 1 613 695 80 55 (ішкі 230, 231) 1 613 413 98 91 1 613 981 17 13 (Оттавадағы консул);

АҚШ-та: 1 202 232 54 88 (ішкі 121, 127) 1 202 600 56 05 (Вашингтондағы консул).