Бұл туралы бүгін елордада басталған 6-шы қазақстандық «KAZGRAIN-2012» астық форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміряев мәлім етті.
«Облыс әкімдерінің алдын ала мәліметтері бойынша жиынтық астық 14,8 млн. тоннаны құрайды. Түсім гектарына 9,8 центнерден», - деді ол.
Бұл ретте вице-министрдің айтуынша, нақты мәлімет өңірлерден ресми статистикалық деректер жиналып, толық өңделгеннен кейін еліміздің Статистика агенттігімен желтоқсан айының ішінде жария етілетін болады.
«Дегенмен де алдын ала мәліметтер өткен жылдан қалған астықты есепке алғанда бұл көлемнің республиканың ішкі тұтынуын әрі 7,8 млн. тонна деңгейіндегі экспорттық әлеуетті қамтамасыз етуге жеткілікті», - деді М.Өміряев.